Балқашта жол ақысы қымбаттату жоспарлануда. Тасымалдаушылар жергілікті биліктен автобуспен жүріп тұру құнын өсіруді сұрап отыр. Бұл мәселе жақында қалалық маслихатта қаралады. Егер, депутаттар келісімін беріп жатса, қоғамдық көлікпен жүру құны көтерілмек. Әзірге қанша теңгеге өсетіні белгісіз. Тасымалдаушылар мұндай қадамға баруға мәжбүрміз дейді. Себебі қазір жанармай құны мен көлік бөлшектерінің бағасы көтерілген. Айта кетейік, жол ақысы қалада соңғы рет 2014 жылы 30 теңгеден 40 теңгеге көтерілген болатын.
Арман Берікбеков, «Тұлпар» Автобус паркі» ЖШС директоры: « Құрал жабдық құны, коммуналдық төлемдер, тіпті дизель отынына дейін күн санап қымбаттауда. Қазіргі тариф біздің шығынымызды жаппайды. Қыркүйек айынан бері қаржылық жағдайымыз төмендеп кетті. Сол себепті жол құнын көтеруді сұрап отырмыз.
ТКШ бөлімі тәуелсіз сарапшылардың көмегімен Тұлпар автобус паркінің қаржылық жағдайын зерттеген. Анықталғандай, тасымалдаушылар шығынсыз жұмыс істеу үшін жол құны 107 теңгені құрау керек екен. Алайда, халықтың жағдайын ескерген жергілікті билік 60 теңгеге тоқталған.
Әнуар Сәмиев-ТКШ бөлімінің жетекшісі: «Арнайы комиссияның шешімімен жол құны 60 теңге болып бекітілді. Бұл тариф тасымалдаушылардың шығынын жаппаса да, оларға біраз қолдау. Бұл мәселені алдағы уақытта қоғамдық кеңесте және депутаттардан құралған тұрақты комиссия отырысында қаралатын болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login