Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз Сенбаев Дарын Дарханұлын 26 ақпан күні 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тек жақсылықтарын берсін!
Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын!
Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылығы туған-туыстарына қуаныш әкелсін!
Қылығымен күлдіретін апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азамат боп келешекте,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Сен едің арманы бәрінің де,
Бала деген бауыр ет әлі күнге.
Інің болсын артыңда арқа сүйер,
Риза болып қызықтасын әке-шеше.
Аман жүрші, менің асыл құлыным,
Тәрбиенің тіктеп ұстап тұғырын.
Жастан жасқа қуанышпен тола бер,
Қайғы ешқашан салмасын мұң құрығын.
Отбасының алданышы,
Ертең болар қорғанышы.
Жасың сенің құтты болсын,
Азамат бол қорғар кіші.
Т/б: құда – құдағиы: Аманғалы – Айгүл, Жетпіс – Саягүл, Азамат – Гүлнұр, Нұргүл, Айсұлу, Айнара, Жеңіс, Айбар, Медеу.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login