Кәсіпкерлерге 500 млн теңге бөлінеді

Биыл Қарағанды облысының тұрғындары 500 млн теңге ақшаны жеке кәсіпкерлікке жұмсай алады. Бұл туралы әкімшілікте бас қосқан «Даму» акционерлік қоғамы мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері айтып берді. Мамандардың мәліметінше, соңғы екі жылда облыста жеке кәсіпті дөңгелетемін дегендер азайған. Оған сібір жарасы мен түрлі табиғи апаттар әсер еткен. Деседе, биыл оның жөні өзгермек. Өйткені, 2017 жылы мемлекет тарапынан бөлінетін гранттар мен несиелер, субсидиялық жұмыстар екі еселенді.Оған қоса, бизнес жоспарды жасау үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өздері көмектесеміз дейді. Ал ауыл шаруашылығын дамытып, мал басын көбейтемін дегендер үшін «Казагрофинанс» компаниясы да балқаштықтарды қолдауға дайын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture