Ерлі-зайыпты түтінге уланып қала жаздады

Ет аспақ болған ерлі зайыпты өлімнен аман қалды. Демалыс күндері ішімдікті ішіп алған Әлімжанов көшесінде тұратын отбасы түнгі сағат 11-де тамақты пешке қойып, ұйықтап қалған. Қатты ұйқыға кеткен соншалықты, отбасы етті ұмытып, тіпті үйдегі көк түтінді сезбеген.Ал күйген тамақтан шыққан көк түтін мен иіс күллі подъезді жалмап, көршілерге дейін жеткен. Оны бірден байқаған көршілер құтқарушыларға хабар беріпті. Оқиға орнына жеткен мамандар подъездегі 18 адамды және баспанада естерінен айырылған үй иелерін сыртқа шығарды. Ерлі зайыпты далаға шығарғаннан кейін естерін жиған. Ауруханаға барудан бас тартыпты. Енді олар өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы

Пәтердің терезесі тор, есігі темір болғандықтан үйге кіру оңай болмады.Уақытымыз соған кетті. Біз үйге кіргенде үй иелері естен танып қалған болды. Далада шығарғанда естерін жиды.Жалпы, түтіннің салдарынан 18 адам сыртқа эвакуациаланды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture