Балқашта неонатолог, акушер-гинеколог, инфекционист және терапевтер жетіспейді. Өткен жылы емханалар мен ауруханаға жаңадан 23 дәрігер келген. Оның 16-сы жас маман. Алайда, емдеушілердің қатары толыққанымен, 24 медик отбасылық жағдаймен басқа қалаға кеткен. Олардың көбісі орталық ауруханада жұмыс істегендер. Қазір қала бойынша 2 акушер-гинекологтың және терапевтің орны бос. Жұқпалы ауру маманы да ауадай қажет. Ал, жетіспейтін дәрігерлердің орнын толтыру үшін жас мамандарды оқыту қолға алынған. Қазір жергілікті билік медициналық білім алып жатқан 5 студенттің оқу ақысын төлеп отыр. Жыл сайын әрқайсысына 820 мың теңге жұмсалады. Олардың үшеуі кардиолог, невропатолог және жалпы практика мамандығы бойынша биыл жұмысқа кіріседі. Ал, неонатолог және нейрохирургты оқып жатқан 2 студенттің бірі 2018 екіншісі 2020 жылы келмек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login