Қазақстандық спортшылар жалпы есепте төртінші орынды қанағат тұтты. Отандастырамыз қысқы ойындар сайысында 32 медальді қанжығасына байлады. Оның тоғызы алтын, 11күміс және 12 қола медаль. Ал, бірінші орында , жарыс қожайындары. Олар 74 медаль ұтып алды: оның 27-сі алтын болса, 21 күміс және 26 қола. Екінші орында 50 медальмен Оңтүстік Корея құрамасы. Ал үшінші орында Қытай спортшылары.
Айта кетейік, VIII қысқы Азия ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтті. Спортшылар спорттың 11 түрінен бақ сынап, 64 комплект медальді сарапқа салды. Осыған дейінгі Азия ойындары Астана және Алматы қалаларында өткен еді. Ол кезде Қазақстан құрамасы 32 медальмен жалпы есепте бірінші орынды иеленген болатын.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login