Қарағанды тас жолында 10 автомобиль соқтығысып, жолкөлік оқиғасы орын алды. 7 жеңіл көлік пен 3 фураның жолды бөлісе алмауының салдарынан 3 адам зардап шекті. Көлік кептілісі Астана-Қарағанды тас жолында болған. Алдын ала болжам бойынша, жолдың тайғақтығынан Tayota маркалы көліктің 27 жастағы жүргізушісі тізгінді басқара алмай, алдында кетіп бара жатқан үш жүк көлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде, Tayota-ның жүргізушісі және оның 2 жолаушысы зардап шекті.Қарағанды облыстық ІІД МТАБ бастығы Бақытжан Құдияровтың мәлімдеуінше қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login