Зорланған әйелдің ісі қайта қаралады

Балқаштық 30 жастағы әйел өзін зорлап, қабір қазуға мәжбүрлеген ер адамдардың әлі бостандықта жүргенін түгел елге жария етті. Жергілікті полиция қызметкерлерінің істі жылы жауып қойғанына төзбеген Нұргүл Алматы қаласына барып, әйелдердің құқығын қорғайтын қорға басынан өткен оқиғаны жайып салды. Жарты жыл бойы әділеттілікке қол жеткізе алмай келе жатқан жерлесіміздің сұхбаты ғаламтор бетінде кеше пайда болды. Айтуынша, 2016 жылдың тамыз айында бұрынғы жігіті мен оның досы Нұргүлді құрбысының үйінде отырған жерінен ұрып-соғып алып кеткен. Содан көл жағасына апарып, суға батырып қинаған. Кейін Шашубай мөлтек ауданы жақтағы зират маңына апарып, күрекпен ұрғылап, сонда жаман пиғылын іске асырған. Тіпті өзіне- қабір шұңқырын қазуға мәжбүрлепті.Артынан, жәбір көрсеткен жігіттер, біреуге айтсаң өлтіреміз деп әйелді қорқытып кетіпті. Ертесінде Нұргүл ауруханаға түсіп, полицияға арыз жазады. Алайда, тәртіп сақшылары кінәлілерді қамауға алмаған. Тіпті зорлау фактісін анықтау үшін арнайы сараптама да тағайындамапты. Содан бір айдан асқанда жәбірленуші прокуратураға шағымданады. Бірақ, ол жақтан да көмек болмапты. Ал, қазір бұл іс- айғақтың аздығынан тоқтатылған екен.
Мадияр Игенов, қалалық прокуратураның прокуроры: «Тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы шешімі заңсыз деп табылып, қылмыстық іс облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасына жіберілді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture