Бектау ата елді мекенінің тұрғыны көмекке мұқтаж. Фото. Видео

Бектау ата елді мекенінің тұрғыны көмекке мұқтаж. Редакциямызға Қарлығаш Ұмытшақованың баспанасы құлау алдында тұр, деп қала тұрғындары шағымданды. Онсыз да тозығы жетіп тұрған үйдің биылғы дауыл мен жаңбырда шатыры ұшып кеткен. Қабырғалары да үгітіліп жатыр. 35 жастағы жалғыз басты әйел жұмыс істемейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын аязда аяғын үсіріп алған. ІІ топтағы мүгедек. Жәрдемақы алуға құжаттар жинап жатқан көрінеді. Қазіргі таңда, үй иесіне мешіт жамағаты азық-түлікпен көмек көрсетіп тұрады екен.

Үй иесі жағдайын айтып Ақтоғай ауданының әкімдігіне шағымданған. Енді баспананы апатты жағдайда деп тану үшін арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізіліп жатыр.

Қарлығаш Ұмытшақоваға көмектесем дегендер болса, осы нөмір бойынша хабарласа алады: 8777 162 9434

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *