Балқаштық студенттер баскетболдан үздік команданы анықтайды

Балқаштық студенттер баскетболдан үздік команданы анықтайды.  Шаһарада колледждер арасында қалалық турнир басталды. Ерлерден құралған командалар Балқаш гуманитарлық-техникалық коледжінде ойнауда. Жарыс айналым жүйесі бойынша өтіп жатыр. Ең көп ұпай жинағандар финалға шығады. Ал ақтық ойын осы жұма күні болады. Әзірге БГТК мен политех алда келеді. Бұл екі команда жылда жүлделі орынға таласатын  қарсыластар. Деседе осы жолғы кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталған.

Нарын Кеңесова-баскетбол спартакиадасының бас төрешісі

«БГТК кеше политех колледжін 27-25 есебімен ұтты. Алғашқы таймда алаң иелері 5 ұпайға озды. Өте тартысты әрі қызықты ойын болды. Өзге командалардың да дайындығы жаман емес. Жеңімпазды ойын нәтижесі көрсетеді.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *