Балқашта жарық ақысы қымбаттады

Балқашта жарық ақысы қымбаттады. Енді 1киловатт  электроэнергияның  құны  15 теңге 90  тиын  болмақ.Яғни, бұрыңғымен  салыстырғанда  тоқ  көзі 22  тиынға  көтеріледі.Табиғи  монополияларды реттеу агенттігі  жариялаған  мұндай тариф  1 қазаннан бастап  күшіне  еніп,есептелінетін болады.Естеріңізде  болса,  бұған дейін «Қазэнергоцентр»компаниясы қоғамдық  тыңдалымда жаңа  жобаларын  ұсынып, жарық 16 теңге 24 тиын  болсын  деген  еді. Бірақта,оған  жиынға жиналған  балқаштықтар бірауыздан  келісе  қоймады.  Нәтижесінде, табиғи  монополияларды  реттеу агентігінің шешіміне сәйкес  жоба  құны  қысқартылды.Енді  1 қазаннан бастап  жеке  тұлғалар  үшін 1  киловатт 15 теңге  90 тиын , заңды тұлғаларға 20 теңге  61 теңге төлейді. Бұл қосымша құн  салығын  қосып  есептегендегі тариф болмақ.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *