Балқашта биыл жөнделетін аулалардың тізімі қысқарды

Балқашта биыл жөнделетін аулалардың тізімі қысқарды. Жоспар бойынша 2018 жылы 14 алаң аббаттандырылу керек еді. Алайда, тек 8 көрікті орынға айналады.

Ленин көшесіндегі 35 үйдің алдында құрылыс қарқынды жүруде. Қазір құрылысшылар брюсшатка төсеуде. Кейін жарық тартып, жаңа сәкілер мен қоқыс жәшіктерін орнатады. Тіпті суару жүйесінде қалыпқа келтіріп, іске қоспақ.

Үсен Құрманбай- бригадир

« Талдардың өсіп тұруына байланысты бұл жерде халықтың сұрауына байоанысты бұл жерде 78 метр бір шетінен 78 метр құбыр орнатамыз. Әр 10 метрден су шығады. Крандар қоямыз, Суару жүйесі болады.

Бұл аула 2018 жылы жөнделетін аулалар тізіміне енген 14 ауланың қатарында. Алайда, тұрғындар биыл аббаттандыру жұмыстарын күтпеген екен.

Лариса Мигранова-Ленин көш №35 үй тұрғыны

«Шыны керек біздің аула жөндеу жұмысы болады деп күтпедік. Себебі бұл алаңда ештеңе істеу мүмкін емес еді. Деседе, көріп, қуанып қалдық.

Айта өтейік, 2015 жылы аулаларды жөндеуге байланысты 10 жылға арналған бағдарлама бекітілген болатын. Алайда, 2016 жылы жоспарланған 6 алаңды аббаттандыруға қазынадан бірде бір тиын берілмей, жөндеу жұмыстары  келесі жылға қалдырылды. Сол себепті 2017 ге жоспарланған 14 аула 2018 жылға ауыстырылды. Оның өзінде бәрі емес. Биыл соның тек 8 ғана аббаттандырылады. Қалған алтауы бюджеттен ақшаның аз бөлінуіне байланысты келесі жылға қалдырылды. Ал 2019 жылы 13 алаң жөнделу керек екен. Демек енді олардың саны — 19.

Балқаш қаласында 160 аула бар. Осы уақытқа дейін соның 50-і жөнделіп бітті. Қалғандары 2026 жылға дейін аббаттандырылуы тиіс. Аулалардың толық тізімін қалалық әкімдіктің сайтынан көре аласыздар.

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *