Балқашта Ағыбай батыр көшесіндегі қоршауға көлік соғылды

 

Жол көлік оқиғасынан мемлекет мүлкіне зақым келді. Кеше Ағыбай батыр көшесіндегі қоршауға тағы да бір көлік соғылды. Жол көлік оқиғасы сағат 20:30- да болды. «Мазда» көлігі көпірден Ағыбай батыр көшесінің бойымен төмен қарай  келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, қатты жылдамдықпен жүрген. Соның салдарынан 35 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып Қадыржанов пен Ағыбай батыр көше қиылысындағы 39 үйдің шарбағына соғылған. Соққыдан тұлпардың алдыңғы бөлігі майысып, 2 бағаналы қоршау сынды. Ал оны бүгін «Горкомхоз» қызметкерлері қалыпқа келтірді. Ол үшін 7 сағат уақыт жұмсалды.

Жоламан Әбікеев- «Горкомхоз -2012»ЖШС жұмыскері
«6 бөлікке   бөлінген жаңадан плиталарды  орнатамыз. Астына труба салып, цемент құямыз. Қазір цементті құйып кетеміз. Ол қатқанша тұрады. Қатқаннан кейін үстін қоямыз».

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать