Балқаш жаңалықтары 19.09.2018

1) Балқашта 5 жастағы бала ескі бағананың ойығына қыстырылып қалды. Баланы бетон қамалдың ішінен алып шығу үшін құтқарушылар 1 сағаттан астам уақыт жұмсады.

2) Жол ережесін бұзған балқаштық жүргізушілер мемлекетке 30 млн теңге қарыз. Айыппұлын төлемей жүрген көлік иелерін жазалау үшін тәртіп сақшылары мен сот орындаушылар рейдке шықты.

3) Жыл басынан бері балқашқа екі мыңнан астам шетелдік келген. Жалпы «халықтың көші-қон туралы» заң жобасы бойынша Ресей, Белоруссия, Қырғызстан тұрғындары 30 күнге дейін, ал қалған шетелдіктер Қазақстан аймағында тек 5 күнге дейін тіркеусіз жүре алады.

4) Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі!Енді балқаштықтар мен қала қонақтары «Мерей» ойын-сауық кешенінде салауатты тамақтана алады.

5) Балқаштық тұрғын Тянь-шань тауының биік шыңын бағындырды. Жерлесіміз 150 альпиниспен бірге «Қазақстанның 20 шыңы» атты экпедиция сапарына қатысып, отандық туризмнің дамуына ат салысты.

6) Балқаштық бизнес өкілдері 1 млн. теңге ұтып алуға мүмкіндіктері бар. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Үздік кәсіпкер» байқауын жариялады.

7) 22 қыркүйек — дүниежүзілік көліктен бас тарту күні. Осыған орай Париж өз мәлімдемесін жасады.Ондағы халық 2024 жылға қарай дизельді отыннан, ал 2030 жылдан бастап бензинмен жүретін көліктерден бас тартпақ.Ал балқаштықтар ше?Жерлестеріміздің тұлпарсыз жүруге қандай себептері болуы мүмкін.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *