Балқаш жаңалықтары 15 мамыр 2018

3 жасар бүлдіршінді ұрып өлтірген қандықолға қатысты сот үкімі шықты. Өгей баласын о дүниелік қылған 30 жастағы азамат 23 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды.

Балқашта заңсыз, қала келбетіне сай емес дүңгіршектер алынып тасталуда. Бүгінгі күні Уәлиханов көшесінің бойындағы екі сауда нүктесінің көзі жойылды. Өйткені, бірінің тиісті құжаты болмай шықса, екіншісінің сырты лас, кір.

Балқашта 18 мамыр күні құбырларды тазалау үшін ауыз суды хлорлайды. Сол себепті мамандар тұрғындарға алдын-ала суық су құйып алуға кеңес береді. Дезинфекциялау шарасы 17 мамыр күні кешке басталады.

Балқашта гүл отырғызу жұмыстары қарқынды басталып кетті. Қала көшелерінің шырайын келтіретін түрлі-түсті өсмдіктерді отырғызуды

Осы жазда 4 мыңға жуық балқаштық оқушы мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлерде тынығады. Демалыс уақыты 1 маусымнан басталады.

Балқаштық боксшы қыз Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 16 жастағы Балнұо Оқубаева енді Азия чемпионатына барып, ел намысын қорғайды.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *