Адам пышақтап өлтірген балқаштық ұсталды

31  жастағы балқаштықты пышақтап кеткен тұрғын ұсталды. Жәбірленушіге 16 жерден  пышақ тығылған. Ал оқиға  Жидебай  батыр  мөлтек  ауданындағы  көпқабатты  үйлердің  бірінде  болды. Түнгі  сағат 3:30 шамасында 31 жастағы азаматқа  біреу  қоңырау  шалып,  далаға   шығуын сұрайды.  Сол сәтте подъездің алдынан  өтіп  бара жатқан күдікті,  марқұмды  сөзге  тартады. Содан сөз жанжалға ұласып, арты төбелеске әкелген. Ашуға булыққан 20 жастағы жігіт  марқұмның жүрегіне,  ішіне, аяғына   жалпы 16 рет  пышақты  сұққан. Қазіргі  күні   күдікті  уақытша  ұстау  изоляторында  қамауда отыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Жанатай Сембеков-  облыстық ІІД баспаөз қызметінің жетекшісі

» Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті  сараптамалар  тағайындалды.Сотқа  дейінгі  тергеу  амалдары  жүргізіліп жатыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать