Балқашта ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өз жұмысын жалғастырады

Енді қала тұрғындары қайтадан  азық-түлікті 10-15  пайыз жеңілдікпен сатып ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айының ортасында күннің қатты ысып кетуіне байланысты, жәрмеңке өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Алдағы сенбі яғни 24 тамыз күні қаладағы жәрмеңке қайта іске қосылады. 36  орында қой ,сиыр, құс еті саудаланады. Одан өзге 6 орында балық, 12 орында бакалея өнімдері және 10 шақты жерде көкөніс 6 орында сүт өнімдері  сатылатын болады. Барлық фермерлердің өнімі алдын ала лабароториядан тексерістен өтіп, ауылшаруашылығы мамандарының рұқсатымен жәрмеңкеге қойылады.

Аида  Серікова – Балқаш қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы: «Әр сенбі күндері Балқаш қаласы Язев көшесі 2 е мекен жайында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өз жұмысын бастамақ. Жәрмеңкеге Ақтоғай мен шат аудандарының фермерлері және қаладағы көтерме саудамен айналысатын кәсіпорындар қатысады. Жәрмеңкеге Балқаш тұрғындарын шақырамыз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login