Балқаштық жедел жәрдем фельдшерлерін планшеттермен жабдықтады

Енді  шақыртулар мен науқас жайлы ақпарат бірден құрылғыда пайда болады. Бұл уақыт үнемдеу мен шақырылған орынға  шұғыл түрде жетуге жасалып отырған үлкен мүмкіндік.

Жедел жәрдем диспетчері науқастан түскен шақыртуды қабылдауда. Осыған дейін бұл ақпараттар алдымен базаға еңгізілетін. Тек содан кейін оны фельдшер алып кете алатын. Оған біраз уақыт кететін. Енді жүйе толыққанды автоматтандырылған.

Науқастан шақырту фелдшердің  планшетіне келеді. Қала бойынша аталған гаджетпен 6 жұмысшы  бригада қамтамасыз етілген. Электрондық бағдарлама науқас жайлы барлық деректерді шұғыл түрде жеткізіп отырады. Одан өзге құрылғы  арқылы карта арқылы жол маршрутын анықтауға болады. Жүйе арқылы дәрігерлер науқастың стационарға  келіп түскені жайлы ақпаратпен алмаса алады.

Артем Королев – жедел жәрдем қызметінің аға фельдшері: «Қағаз карталар толтыру күн санап қолданыстан шығып бара жатыр. Енді бұл жұмысты планшет арқылы жасаймыз. Барлық дерек автоматты түрде базаға тіркеледі. Оны онлайн режимде отырған дәрігерлер көре алады

Жалпы Қарағанды облысы бойынша 10 миллион теңгеге 100 планшет сатып алынған. Бүгінгі таңда құрылғы Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Сәтпаев, Саран, Абай, Шахтинск пен Қарағанды фельдшерлеріне қолданысқа  берілген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login