##i-vengo banner

Қысқа метражды фильм түсірген балқаштық оқушылар жеңімпаз атанды

Балқаштық оқушылар республикалық шығармашылық фестивальде топ жарды. Байқауда Нұрасыл Мадяров және Аруана Малик  түсірген қысқа метражды фильм 1,2 орынға лайық деп танылды. Шығармашылық фестивалі Қарағанды қаласында өтті. Онда 8 номинация бойынша 18 бейнеролик әділ қазылар алқасына ұсынылған.  Атаулары әлеуметтік жарнама, деректі фильм, анимация, киножурнал, ералаш,  музыкалы фильм және ойын киносы. Соңғы екі номинацияда балқаштықтар жеңімпаз атанды. Оқушылар сарайының «Стоп-кадр» телестудиясының тәрбиеленушілері Аруна Малик және Нұрасыл Мадияров енді Қостанайда өтетін республикалық байқауда қала намысын қорғайды.

Нұрасыл Мадяров-республикалық шығармашылық фестиваль жеңімпазы

Біз бұл бейнеклипті барлығымыз отырып дайындадық. Оны көптеген балалардың ойластыруымен осы клипті түсіреміз деген шешімге келдік. 3 сағаттай түсірдік.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login