Балқаш жаңалықтары 09.04.2019

1.9 маусым күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. Республикалық телеарналар арқылы халыққа үндеу жолдаған Президент бұл шешімнің Елбасымен, Парламенттің қос палатасымен және Конституциялық кеңеспен ақылдаса отыра қабылданғанын жеткізді.

2. Балқашта қырыққабат пен жуа бағасы қымбаттады. Көш басын құны 30 %-ға өскен қырыққабат бастап тұр. Бүгінде оның орташа бағасы 230-250 теңге, ал енді сатылымға түскен жаңалары 300 теңге шамасында. Ал, жуа бағасы 10%-ға жоғарылап, 100-130 теңгені құрап отыр. Осы тұста, ұн мен күріштің бағасы 5%-ға көтерілді. Айта кетейік, картоп, қарақұмық, жұмыртқа бағасы бүгінде біршама арзандаған.

3. 3Б автобусы қайта жолға шығады. Қаламызда саяжай маусымы басталғандықтан 15 сәуірден бастап қоғамдық көлік жолға шығады. Әзірге бір автобус таңертең және кешке жолаушыларды тасымалдамақ. Теміржол вокзалынан сағат 8:40, 10:20, 13:40 және 15:20 жүреді. Бұл кесте 1 мамырға дейін сақталады.

4. Балқаштықтар ағылшын тілін тегін  үйрене алады. Қалалық тілдер орталығы тұрғындарды курсқа қабылдауда. Тегін оқыту 15-ші сәуірден басталмақ. Өтініштер Қараменде би көшесіндегі 10-шы үй бұрынғы сәулет бөлімінде қабылданады. Тіл үйренемін деушілерге өздерімен бірге куәлігін ала барса жеткілікті.

5 .82 жылдық тарихы бар қаламызда атақты ғалымдар, музыканттар, академиктер өмір сүрген. Олардың Балқаш қаласы үшін сіңірген еңбегі зор. Міне осындай азаматтардың құрметіне олар тұрған үйдің сыртына мемориалды тақтайшалар орнатылған. Біз Балқаш тарихында есімі қалатын тұлғалар жайында арнайы материал дайындадық.

6.Балқаштықтар қаламыздың тарихымен танысып, өңірге қатысты түрлі аңыздарды біле алады. Мәдениет сарайында орналасқан «Сырлас» кітапханасында кітап көрмесі өтуде. Балқаш қаласына қатысты мәліметтер мен аңыздарға толы 40-тан астам кітап сөреге қойылған.

7. Шуақты көктем келіп, күн жылынғанына қуанатынымыз рас. Алайда жыл мезгілінің ауысуы адам ағзасына айтарлықтай өзгерістер алып келетінін ұмытпаған жөн. Әсіресе қыстан шыққаннан кейін организмде дәруменнің жетіспеушілігі қатты байқалады. Көктемде иммунитетімізді қалай байыту керек және тері күтімі туралы бейнематериалда

8.Балқашта театр пайда болуы мүмкін. Қаламызда кішкентай әртістерді дайындап жүрген «Жар птица» театрландырылған балалар үйірмесіне жаңа атақ берілмек. Шығармашылық ұжым Шет ауданына барып Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырлған облыстық байқауда бақ сынап қайтты. Әділ қазылардың шешімі бойынша  Балқаштық өнерпаздар келесі кезеңге жолдама алды. Енді 20 маусым күні қарағандыдада өтетін  шешуші сайыста жерлестеріміз жақсы өнер  көрсетсе, «Жар птица» балалар үйірмесіне театр атағы беріледі.

_________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login