Балқашта «жас ақындар» мүшәйрасы өтеді

Балқашта «жас ақындар» мүшәйрасы өтеді. Шара қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына арналмақ. Байқау шартына тоқталатын болсақ. Мүшәйраға 14 пен 29 жас аралығындағы балқаштықтар қатыса алады. Әр ақыннан 2 өлең қабылданады. Бірі-С.Сейфуллинге арнау, екіншісі –еркін тақырып. Қатысушылар туындыларын конвертке салып,  «Лақап» атпен өткізулері қажет. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 18 ақпан күні мәдениет сарайында өтеді. Жүлделі орынға іліккен үміткерлер диипломмен және бағалы сыймен марапатталады.

«Жас ақындар» мүшәйрасына қатысу шарты

Қатысушылар жасы:14-29

Өлең саны: 2

а) С. Сейфуллинге арнау;   б)еркін тақырып

Қатысушылардың шығармалары 15 ақпанға дейін Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығында қабылданады. Тел: 4-93-66, 4-57-94

Айдана Сайлау-Мәдени-сауық орталығының әдіскері:

«Мүшәйраға қатысамын деушілер Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайындағы 23 кабинетке келіп өткізуге болады.Бұл Мүшәйрадағы ең басты талап бұл мүшәйрамыз лақап атпен өткізіледі. Сараптауда біз алдын ала өткіземіз.  

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login