Балқаш жаңалықтары 12.11.2018

1. Қаладан 100 км жерде Аudi мен BMW соқтығысып, 2 адам қаза тапты. Тағы екі тұрғын түрлі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Апат түнгі 12-лер шамасында Алматы-Екатеринбург трассасының 720 шақырымында болған. Соқтығыстың салдарынан оқиға орнында 58 және 54 жастағы Қарағанды облысының екі тұрғыны көз жұмды. Тағы екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

2. Қадыржанов пен Язев көшесінің қиылысында жолталғамайтын көлік пен жеңіл автокөлік соқтығысты. Жол көлік оқиғасы күндізгі сағат 4-тердің кезінде тіркелді. Volkswagen Қадыржанов көшесінің бойындағы бағдаршамға тоқтап тұрған. Содан жүргізуші Язева көшесіне бұрыла бергенде,  жүйткіп келе жатқан  лексус оған қатты қарқынмен келіп соғылады.

3. Балқашта белгісіз біреу көлікті өртеп кетті. Ол мұндай қадамға автомобильдің ішіндегі музықалық құрылғыға қызыққанан барған. Ал құтқарушылырды қызылжалынды көрген көршілер шақыртыпты. Төтенше жағдай демалыс күндері Сейфуллин көшесінде болды. Таңғы 5-тер шамасында белгісіз біреу аулада тұрған Ladаның артқы терезесін сындырып, көліктің ішідегі музыкалық жабдықты алып шыққан. Одан кейін салонға от қойып, оқиға орнынан ізін суытқан.

4. Балқаштықтардың көбісі Балқаш Универсалға берешек. Қалған мекемелерге төленбеген сома орташа есеппен 10 млн теңгеден келеді. «Уақыт» пәтер иелері кооперативі  1800 абонентке қызмет көрсетеді. Алайда ел ақы төлеуге келгенде құлықсыз. Қазір қарыздың көлемі 10 млн теңгеден асқан.

5. Демалыс күндері тосыннан жауған қар коммуналшыларды әбігерге салды. 10-нан 11-не қараған түні Горкомхоз жұмыскерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Жолға 50 тонна құм мен тұз себілді. Қар жауған түні 3 техника жол тазалуға шыққан. Ал таңертең 40 адам жұмылдырылды. Горкомхоз мекемесі қыс мезгілінде көтайғақтың алдын алу үшін 300 тонна құм мен тұз сатылып алған. Оның 50 тоннасы осы демалыс күндері жұмсалды.

6. Мақсатқа қалай жетуге болады? Бақытты болу үшін қандай жеті дағдыны қалыптыстыру керек?  Бұл сауалдарға қоғам қайраткері Бақытқали Мұсабеков жауап берді. Қарағандыдан келген тіл жанашыры «Рухани жаңғыру»  орталығында балқаштық  жастармен кездесіп, осы тақырыпта тренинг өткізді.

7. Балқаштық кикбоксшылар облыстық жарыста жеңіске жетті. Жерлестеріміз 9 жүлдені өз қанжығаларына байлаған, оның үшеуі алтын болса, үшеуі күміс, қалған үшеуі қола медаль. Аталмыш дода 2001-2004 жылғы жастар арасында ұйымдастырылған. Атап айтсақ, Мұратов Әділ, Кербеков Сұлтан және Нұрланұлы Айбат алтын медаль иегерлері атанды.

 

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать