Балқашта 3 мектепте IT технологиялар кабинеті ашылды

Балқашта 3 мектепте айти-технологиялар кабинеті ашылды. Cынып 3 д принтер, мультимедиялық тақта және жеке модельдерді құрастыруға арналған құрылғылармен жабдықталған.  Енді оқушылар бұл сандық техологияларды қолданып, олармен жұмыс істеуді үйренеді.

Бүгін №8 мектептегі IT  сыныптың ашылу салтанатына  қала басшылары келді. Шаһар әкімі Александр Аглиулин бастаған топ жаңа кабинеттің жұмысымен танысты.

Енді оқушылар мұнда архитектуралық нысандарды кескіндеп, виртуальды қалаларды және ойындарды құрастыруды үйренеді. Сурет, видеоларды өңдеп, мотаждауды меңгереді. Ол үшін кабинет барлық керекті жабдықпен қамтылыған. Жаңа 20 компьютерге арнайы бағдарламалар  орнатылған.

Химиран Роза- №8 орта мектептің директор  орынбасары:

«5-11 сынып аралығындағы окушылар жұмыс істей алады, бұл жерде  сабақ уақытында емес, сыныптан тыс бос уақытта балалар шығармашылық, ғылыми зерттеушілік, инженерлі-технологиялық зерттеу жұмыстарымен  жұмыс жасай алады»

Бүгін мұндай айти-технологиялар кабинеті тағы 2о оқу орнында, №10 мектеп  пен  17 лицейде ашылды. Тек бір ғана сыныптың жабдығына қалалық бюджеттен 6 млн теңге бөлінген. Жоспар бойынша мұндай айти  сыныптар 2021 жылға дейін қаланың барлық оқу орындарында  пайда болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать