Балқаш жаңалықтары 25 маусым 2018

Балқаш көлінде 8 ай бұрын жоғалып кеткен екінші балықшының денесі табылды. 20 жастағы студенттің мүрдесін Сарышыған кентінің балықшылары туғандарының қолына тапсырды.

Қала әкімі ардагерлермен кездесті. Бас қосуға ақсақалдар тыңғылықты дайындалып келген. Шаһардағы мәселелерді көтеріп басшыны сұрақтың астына алды. Суару жүйесі неге жоқ, жолдар қашан жөнделіп бітеді, аулалардағы сынған балалар алаңын кім жөндейді, секілді сауалдар қардай жауды.

Өткен демалыста балқаштық түлектер ҰБТ тапсырды. 11 жыл бойы оқыған ойға білім тоқыған 361 оқушы мектеп бағдарламасындағы 120 сұраққа жауап берді.

Балқашта онлайн дауыс беру арқылы ең үздік орналастыру орындары мен тамақтану мекемелерін анықтауда. Таңдау orken-media.kz  сайтында жүргізілуде.

Бейбіт күннің батырлары. 23 маусым Қазақстан Респуликасының полиция күнінде Балқаштың тәртіп сақшылары марапатталды.

Балқаштың спорт шеберлерін еске алуға арналған халықаралық турнир жемісті аяқталды. Финалға шыққан 4 жерлесіміздің үшеуі чемпион атанды.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать