Қарағанды облсында үздік мектеп формасына байқау жарияланды

Қарағанды облысының бастауыш сынып оқушылары бірдей үлгіде киінеді. Сол мақсапен ең үздік мектеп формасына конкурс жарияланды. Оған кез-келген адам қатыса алады. Ұстаздар, ата-аналар тіпті мектеп оқушылары да өз ұсыныстарын білдіре алады. Ниет білдірушілер өз өтініштерін 30 маусымға дейін worldpeace2006@mail.ru төменде көрсетілген электрондық мекен жайға жіберулері тиіс. Алайда киім үлгісі санитарлық-эпидемиологиялық және гигиенкалық нормаға сай болуы шарт. Ал арнайы комиссияның шешімімен үздік деп танылған мектеп формасын облыстың барлық бастауыш сынып оқушылары киетін болады. Жеңімпаздар болса ақшалай сыймен марапатталады.

Ирина Нечяева-ұйымдастырушы

«Қатысушылар алдымен киімнің үлгісін жіберулері қажет. Кейін арасындағы ең жақсыларын ата-аналар комитеті мен оқушылар таңдайтын болады. Кейін  сол формаларды тіге бастаймыз.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать