Балқашта 3 жасар баланы өлтірген өгей әке сотталды

Балқаштық 3 жасар бүлдіршінді ұрып өлтірген қандықолға қатысты сот үкімі шықты. Өгей баласын о дүниелік қылған 30 жастағы азамат 23 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды. Оған қоса, асқан жауыздыққа барған күдікті жазасын қатаң режимдік тәртіпте өтейді.

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға биыл ақпан айында болды. 3 жасар баланың өлі денесі қаладағы пәтерлердің бірінен табылды. Онда марқұм бүлдіршін әпке, анасы және өгей әкесімен тұрған. Кейбір дерек көздерінің айтуынша, сол күні анасы жұмыста болып, екі бала өгей әкелерімен қалған. Және күндіз 13 жастағы әпкесі далада жүргенде, еркек ішімдіктің салдарынан 3 жасар баланы өлгенше ұрып тастаған. Оны ойнап келген әпкесі көріп, құрбысының ата-анасына жеткізген. Сол күні 30 жастағы күдікті қамауға алынып, жасаған ісін мойындады. Және бұл қадамға баланың бөлмеде дәрет сындырып қойғандықтан барғанын айтты. Қылмыстық істің нәтижесінде, кінәлі азамат 23 жылға сотталды. Сот үкімі заң күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать