##i-vengo banner

Балқашта алғаш рет жеңіл атлетикадан жартылай марафон өтті

Денсаулыққа жол! Осындай атаумен Балқашта алғаш рет жеңіл атлетикадан жартылай марафон өтті. 400-ге жуық шаһар тұрғындары 15 км жүгіріп өтті. Алғаш болып келген 7 адам,оның ішінде ересектер мен студенттер, оқушылар 100мың, 70 мың және 50 мың теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңіл атлетикадан жартылай марафон Қоңырат мөлтек ауданынан бастау алды. Жолға бірінші болып 23 жастан асқан ерлер қауымы шықты. 88 спортшыға ең үлкен шақырым берілді. Олар әуежайға дейінгі 15 км жүгіріп өтулері тиіс деген талап қойылды.

Жол бойында кім оза шабатыны белгісіз болды. Демдері жетпей, марафоннан шығып қалғандар да кездесті. Дегенменде, бірнеше қарсыласын артта қалдырған 26 жастағы әскери қызметкер Серік Жиенқұлов мәреге бірінші болып келді.

Серік Жиенқұлов-марафонға қатысушы:«Жүгіргенде біраз қиыншылық болды. Артта қалып қоямын ба деп ойладым. Бірақ бірінші болып келгеніме  қуаныштымын».

Марафонда ерлерден кейін әйелдер, жастар жүгіруді бастады. Оның ішінді нәзік жандарға 8 км, студент ұлдарға 10 км, студент қыздарға 5 км, мектеп оқушыларына 5 пен 3 км-ді жүгіріп өту бұйырды.

Эльмира Ахметова-марафонға қатысушы:«Мен үш жыл бойы спортпен айналысып келемін. 8 километрді жүгіріп өту оңайға соқпады. Бірақ ұнады. Өз денсаулығымды сынап көрдім».

Жалпы, Балқашта алғаш рет ұйымдастырылған жартылай марафонға 400-ге тарта спортшы қатысты. Олар жас мөлшерлеріне байланысты 6 топқа бөлініп жүгірді. Нәтижесінде мәре сызығына алғаш болып келген 7 тұрғын ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ересектерге 100 мың теңгеден, студенттерге 70 мың теңгеден және оқушыларға 50 мың теңгеден үлестірілді.

Малика Сәрсенова- марафонға қатысушы:«Мен 5 шақырымда жүгірдім. Өте қиын болды. Мен бірінші орын алуға тырыстым. Менің мақсатым сол болған».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать