##i-vengo banner

Балқашта алғаш рет жеңіл атлетикадан жартылай марафон өтеді

Балқашта 7 мамыр күні жеңіл атлетикадан алғаш рет жартылай марафон өтеді. Оған 600 адам қатысып, барлығы Қоңыраттан бастап қалаға дейінгі 15 шақырымдай жолды жүгіріп өтпек.

Марафонға қатысуға ниет білдірген алғашқылардың бірі — Иван Зиберт. 12 жылдан бері спортта тәжірибесі бар спортшы осымен екінші рет жаппай жүгіріске қатыспақ. Бұған дейін 22 шақырымды Қарағандыда бағындырған. Енді Балқашта15 км жүгіріп өтпек. Алайда, оның барлығына алдымен дайындық керек. Әсіресе, аяқ буындарына ерекше көңіл бөліп, шынықтыру қажет дейді.

Иван Зиберт- марафонға қатысушы
«Осындай үлкен марафонда жүгіргенде жердің асфальт екенін ескеру керек. Аяққа кедыдан көрі, арнайы кроссы киген дұрыс. Сонда сүйектерге зақым келмейді. Күн желді болса кеудеге жеңіл жейде киіп, аяққа шорты кию керек. Және жеңіл, асықпай жүгірген жақсы».

Жартылай марафонға барлық балқаштықтар қатыса алады. Дегенмен де, алдымен дәрігерден рұқсат анықтама керек. Яғни, денсаулығында кінәраты барларға тыйым салынады. Осы уақыт аралығында күллі спортшыларды қазылар мен медицина саласының мамандары, құтқарушылар қадағалап тұрады.

Фархат Рахимов- қалалық спорт бөлімінің бас маманы
«Жартылай марафонға қатысатындар 7-11 сынып оқушылары, колледж студенттері, үлкен ересек адамдар. Барша қатысушыларға тікелей шарт — мекен-жай анықтама, дәрігердің анықтамасы және жеке құжаттары». 

Жалпы 7 мамыр күні жаппай жүгіріс сағат 10:30 -да Қоңырат мөлтек ауданынан басталады. Оған дейін спортшылар медициналық тексерістен өтеді. Содан соң олар 6 топқа бөлінеді. 23 жастан асқан ерлер 15 км, әйелдер 8 км, студент ұлдар 10км, студент қыздар 5 км, мектептегі ер балалар 5 шақырымды, бойжеткендер 3 шақырымды жүгіріп өтуілері керек. Марафон әуежай маңында аяқталады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать