Балқаш жаңалықтары 5 ақпан 2018

Демалыс күндері Иванов көшесінде екі көлік соқтығысты. Соққы салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылып, тағы 5 тұрғын зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы кешке болды.

Балқашта саяжай отқа оранды. Демалыс күні Барковский маңында орналасқан жазғы үй лапылдап жанып, күлге айналды. БГМК -1 көшесіндегі өрт кешкі сағат 6-да басталған. Содан куәгерлер, өрт сөндірушілерге хабар беріпті.

Қарағандыда белгісіз біреулер 25 көліктің дөңгелегін жарып кетті. Бірақ тек 10 жүргізуші ғана полицияға арыз түсірген. Қазір бұл іске қатысы барлар іздестірілуде. Ал зардап шеккендер, бұл балқаштағы оқиғаның жалғасы деп санайды.
«Бүгінгі таңда полицияға 10 арыз түсті… Полиция қызметкерлері күдіктерді анықтау және ұстау бойынша кешендік шаралар жүргізілуде.

Қарағанды облысының кейбір тұрғындары тыйым салынған діни ұйымдардың мүшесі атанған. Ал ондай бірлестіктердің саны — 23. Облыстық дін істері жөніндегі басқармадан келген мамандар осындай ақпаратпен бөлісті. Олар әкімшілікте Балқаштағы діни ұйымдардың басшыларымен кездесті.

Балқашта бокстан өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті. 4 күндік жарыстың нәтижесінде жерлестеріміз командалық есепте бірінші орын алды. Қоржынға 11 жүлде түсті. Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өткен сайысқа қала-аудандардан 23 команда жиналды.

Балқашта шахматтан қала біріншілігі басталды. Ақ пен қараның сайысы ерлер мен әйелдер арасында өтуде. Оларға араларындағы үздік ойыншыны анықтауға 1 ай уақыт берілген.

Балқаштық «Бертіс» хоккей клубы облыстық «түнгі әуесқой хоккей лигансының» плей-офф кезеңіне шықты. Жерлестеріміз 38 ұпаймен 10 команданың ішінде екінші орынға көтерілді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать