Балқаштық келіншекті жаппай зорлағандар 13 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Прокурор судьядан күдіктілерге осындай үкім шығаруын сұрап отыр.
Сейфуллин көшесінде құбыр жарылып, өзге үш көшені су басты. Салдарынан ондағы 21 үй кешеден бері ауыз суға жарымай отыр.
Кәсіподақ заңы еңбекті қорғайды. Оны жұмыс барысында қалай пайдалану керек?Қандай міндеттері мен қағидалары бар? Осы жайында балқаштық педагогтерге Жезқазған қаласынан келген мамандар айтып берді.
Балқаш жастардың құлақтарына алтын сырға. Бүгіннен бастап қала әкімінің «Өркен» атты жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды. Дәстүрлі сайысқа 14 пен 29 жас аралығындағы жерлестеріміз қатыса алады.
Өткен аптада оқушылар сарайының алдында алып алақандар пайда болды. Металдан жасалған композиция қоладан құйылған қыз мүсінің орнына қойылды. Ал 20 жыл бойы бір орында тұрған ескерткіш қайда кетті? Біз оны білу үшін өз зерттеуімізді жүргіздік.
Кім жылдам? Бүгін оқушылар өрт сөндірушілердің рөліне енді. Олар құтқарушылардың құрал-жабдығымен 100 метрге жүгіріп, баспалдақпен жоғары көтерілу арқылы 4 метр биіктікке өрмелеуден жарысты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login