Балқаш жаңалықтары 16 қазан 2017

Балқаш жұрты қаланың құрметті азаматы, Социалисттік Еңбек ері атағының иегері Жылқыбай Беисовті соңғы сапарға шығарып салды.

Қоңырат м\а ондаған жанұя әлі жылусыз отыр. Коммуналшылар бұл жағдайдан хабардар. Алайда, олардың өз талабы бар.

Балқаштың орталық көшелері мал жайылымына айналды. Аттар мен сиырлардың көл жағасында және саябақтарда жайылып жүргенін қала тұрғындары суретке түсіріп алған.

Қаржылай қолдау! Балқашта 350 отбасы мемлекеттен тұрғын үй көмегін алып отыр. Оларға коммуналдық шығынды жабу үшін жергілікті бюджеттен 7 млн жуық қаржы бөлінген.

Берекелі де мерекелі бұл мезгіл әсем көріністерге толы. Табиғат сары түске боялып, көңілге ерекше сезім сыйлауда. Осындай ерекше құбылысты жіберіп алмас үшін бүгін біздің оператор Мұрат Болатбеков күзгі Балқашты түсіріп қайтты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture