Ағыбай батыр мен Қараменде би көшесінің қиылысында екі иномарка көлігі соқтығысты. Салдарынан екі баланың денсаулығына зақым келді. Лада көлігінде отырған балаларды жедел жәрдем бірден келіп, алып кетті.
Қалаға кіре беріс жолда тағы бір көлік апаты болды. Көпірден түсіп келе жатқан БМВ Ағыбай батырдан Жезқазған көшесіне бұрылмақ болған Мерседеске соғылды.
Сезім үшін сотталды. Сүйіктісін өзге біреуден қызғанған еркек темір торға қамалды. Жары үшін 37 жастағы азаматты о дүниелік қылған сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өзінің стақандасын пышақтап өлтірген тағы екі балқаштық қатысты сот үкімі шықты. Тентек судың кесірінен қолын қанға бояған бір азамат 12 жылға, екіншісі 11 жылға сотталды.
Қазақстан коммунистік халық партииясының Балқаштағы өкілдері қазан төңкерісінің 100 жылдығын атап өтті. Тарихқа үңілетін болсақ 1917 жылдың 25 қазанында большевиктер көтеріліс жасау арқылы Уақытша Үкіметті құлатып, кеңес одағын құрады.
Балқашта «Ауыл береке»атты ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Сауда-саттық алаңына Ақтоғай ауданына қарасты 9 ауыл-аймақтан келген өнімдер қойылды.
«Шабыт шаттығы»атты аймақтық шығармашылық өнер сайысында балқаштықтар жарады.Қалалық өнер мектебінің ұстаздары жүлделі орындармен оралды.
Сонымен қатар,ансамбль бөлімінде жерлестіріміз төбе көрсетті. Облыстың әр аймақ — қалаларынан келген 27 топтың ішінен жетігеншілер суырылып шықты. 5 мұғалім «Халық әндерінің үздігі» номинациясын иеленді.
Балқаш футбол командасы мен Қарағанды құрамасының арасындағы кездесу жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды. Облыста шағын футболдан біріншілік басталды. Басы жаман емес.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login