Кеше кешкісін Қарағанды-Балқаш тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Жол апатынан бір адам жапа шеккен. Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, көлік жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, жол айырығына келген кезде тоқтауға үлгермей қалған. Нәтижесінде, қазаншұңқырға қарай ұшып кеткен. Мамандардың айтуынша, көлік жөндеуге жарамсыз. Оқиға орнына Ақсу-Аюлы трассалық медициналық құтқару пункті қызметкерлері келген. Көліктегі жолаушы жол апаты кезінде зардап шеккен жоқ, ал көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта жол апатының себеп-салдары анықталуда.
Қуат Хайдаров, ІІМ ТЖД Қарағанды облысы бойынша апаттар медицина орталығы филиалының басшысы
«20 тамыздан 20 сағат 48 минутта Алматы-Екатеринбург жолында 980 шақырымда, 57 шақырым Қарағандыға қарай біздің Ақсу-Аюлы трассалық құтқару пунктінен автокөлік аударылған оқиғасы тіркелген. Бұл оқиға Жұмабек ауылынан Қарағандының шетінде, 6 шақырым жерде болған оқиға. Өз басымен медициналық көмектен бас тартып, біздің бригадаға қолхат жазып берген. Бірақ көмек көрсетілді»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login