Үкімет әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 5556 теңге көлемінде көмек көрсететін болды

Үкімет әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 5556 теңге көлемінде көмек көрсететін болды. Бұл көмек қаламызда 4800-ге жуық балқаштыққа тиесілі. Төлемді мүгедек жандар, жарымжан бала тәрбиелеп отырған адамдар, арнайы әлеуметтік көмек алатын 6 мен 18 жас аралығындағы балалар мен ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген азаматтар алады. Бір реттік төлем шілде айының соңына дейін толығымен төленбек. Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хабарлауынша,  тұрғындарға ешқайда барып жүгінудің қажеті жоқ,  қаржы әр адамның банк картасына аударылады.

5556 теңгелік төлем тиесілі:
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
– мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;
– жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Сәулеш Таимова — «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы:

 «5000 теңгеден аса төлем тиесілі балқаштықтарға айтарымыз ешқайда барып, ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Төлем бірден шоттарыңызға түседі. Бұл көмек тек шектеу шараларының қолданылу кезеңінде беріледі, яғни шілде айына ғана. Қосымша сұрақтарыңыз болса 4-23-25; 4-40-61 номерларына хабарласып, сұрап, біле аласыздар».
🗣

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login