Балқашта 3 жасар ұл бала 5-ші қабаттан құлап кетті. Қазіргі уақытта бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Жазатайым оқиға кеше орын алған. Бала бүгінде орталық ауруханада, отадан шықты. Алайда жағдайы өлім мен өмір арасында дейді ақ халаттылар.
Қасым Өмірбеков – орталық аурухананың ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы
«Миы ауыр жарақаттанған. Жағы мен аяғы, оң жақ жамбасы сынған. Іш-құрылысына да зақым келген. Қөкбауыры жарылған. Қан кетуі тоқтады. Бүгінде бала отадан соң жансақтау бөлімінде, ауыр жағдайда».
Бұл жыл басынан бері облыста орын алған осымен төртінші оқиға. Бұған дейін Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында осындай жазатайым оқиға болған. Балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермес үшін қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды. Осы орайда төтенше жағдай басқармасының мамандары ата-аналарды балаға сақтықпен қарауға шақырады.
Жанна Дәуренбекова — Қарағанды облысы ТЖД ресми өкілі
«Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау қажет. Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қоюды ұсынамыз. Егер бекіткіш құрылғыларын орнату мүмкіндігі болмаса терезенің тұтқасын алып тастап тек қажетті жағдайда ғана орнатуға ұсыныс береміз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login