Жыл басынан бері Қарағанды облысында 3 бала көпқабатты үйдің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Соңғы оқиға өткен аптада тіркелді. 8 жасар ұл бала 5-ші қабаттағы үйдің терезесінен құлаған. Бүгінде бала ауруханада жатыр. Бұған дейінгі жазатайым жағдайлар Теміртау мен Жезқазған қалаларында болған еді. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы карантин кезінде үйде отырған балаларға аса сақ болуға шақырады. Терезесі ашық қалған үй-жайларда балаларды қараусыз қалдырмауды тапсырады.
Амангелді Джомабаев – Балқаш қ. ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері
«Үйде бала болса терезені ашық қалдырмаңыздар. Москит торы орнатылған болса да, ол қауіпсіз болып табылмайды. Балаларыңызға терезенің қауіптілігі жайлы ескертіңіздер. Терезе алдына жиһаз қоймау қажет».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login