«Біз біргеміз» акциясына «Сары Қазына» компаниясы мен Қоңырат корпоративтік қорының ұжымы қолдау көрсетуде.Қашанда компания басшылығы мұндай игі шарадан қалыс қалмауға тырысады. Бүгін барлығы 40 отбасына азық-түлік қоржынын сыйға тартты. Ең қажетті азық-түлік өнімдерін таратуға жастар орталығының еріктілері жәрдемдесуде. Дәл осындай шарапатқа Қоңырат кентінің көмекке мұқтаж жандары да кенелген болатын. Компания басшысы еліміздегі ТЖ кезінде аз қамтылған отбасылар тамақтан тарықпаса дейді.
Павел Семенченко –«Сары Қазына» ЖШС бас директоры
«Карантин режимінде азық-түлікке мұқтаж отбасыларына осылай көмек қолын созып жатырмыз. Әр қоржында 7 мың сомасындағы ең қажетті деген өнімдер бар. Алдағы уақытта қандай да болса көмекке мұқтаж жандарға қолымыздан келгенше жәрдем беруге дайынбыз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login