Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға шақырады. Қоғамдық жұмыстың уақыты бір жылмен шектелмек. Ал жалақы мөлшері — 42 500 теңгені құрайды. Айта кетейік, жоспар бойынша, жұмыспен қамту орталығы аталмыш қызмет түріне 500-ден аса өтінішті қабылдауы тиіс, қазір мұның тең жартысы қамтылды. Мамандар, қоғамдық жұмысқа қатысқысы келетін азаматтардан алдын ала кәсіптік даярлаудан өту талап етілмейді деп отыр. Қоғамдық қызметкерлер құқық қорғау қызметкерлеріне көмекші, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерде құжаттармен, мұрағатпен және қаланы абаттандыру жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ, тұрғын-үй, әлеуметтік, мәдени саладағы қызметтерге көмек көрсете алады. Толық ақпарат алу үшін, жұмыспен қамту орталығының 6 50 70 нөміріне хабрласуыңызға болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login