17 сәуірде қаламызда жылу маусымы аяқталған болатын. Артынша 3 күннен соң ыстық су уақытша тоқтатылды. Оған себеп «Су Жылу Транс» мекемесі келесі жылу маусымына дайындықты бастап кетті. Бірінші кезекте құбыр желілерін тексерістен өткізді. Жұмысшы бригада Қараменде би мен Мир көшесінің қиылысында апаттық жерлерді қалпына келтіруде. Температуралық сынақтардың кезінде Калмыкова тұйық көшесі, Желтоқсан, Мир көшелері, Қараменде би, 2 көшелеріндегі құбырлардан ақау шыққан. Мамандар жоспар бойынша 24 сәуір күні ыстық судың берілетінін айтты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login