Қазақстан Республикасында төтенше жағдай қолданылатын кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нашекті бөлшек сауда бағалары белгіленді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63-НҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 23 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығымен, Қазақстан Республикасы халқының үздіксіз тыныс-тіршілігін және экономикасын қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік тауарларға шекті бағалар белгіленді.
Азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағалар* қалалар мен аудандар бөлінісінде анықталды.
Сіздердің назарларыңызға, Балқаш қаласы бойынша 9 позициядағы өнімдердің бағасын ұсынамыз:
№ | Әлеуметтікмаңызыбаразық-түліктауарыныңатауы | Шектібаға, теңге* |
1. | Бірінші сортты бидай ұны, килограмм | 140 |
2. | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм | 160 |
3. | Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм | 215 |
4. | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм | 320 |
5. | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм | 297 |
6. | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төсбөлігі), килограмм | 1898 |
7. | Тауық жұмыртқасы (I санатты), ондық | 310 |
8. | Күнбағыс майы, килограмм | 395 |
9. | Ac тұзы («Экстра»-дан басқа), килограмм | 55 |
* Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы № 6 отырысының хаттамасына сәйкес мақұлданды
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login