«Тіл — рухани жаңғырудың бастауы». Осындай атаумен қаламыздағы тілдер орталығының 10 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Оған облыстық ресурстық тіл орталығының және облыс қалаларының мамандары келді. Құрметті қонақтар тіл орталығының тыныс тіршілігімен танысты.
Мерекелік шара «Тәжірибе алаңы» көрмесінен басталды. Мұнда 10 жылдағы жасалған жұмыстар жинақталған. Жергілікті тіл орталығының мамандары қонақтарға жаңа технологиялық ақпараттар, клубтар жұмысын паш етті. Үштілділік бағытындағы тілашарлар, телеарна арқылы көрсетілген сабақтардың дискілері бар. Орталық төлқұжаты мен әдістемелік материалдар таныстырылды.
Қымбат Мәулетова – тілдер орталығының директоры: «Бұл іс-шараға Қарағанды облысының орталықтары және де Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының жанындағы ресурстық орталығының өкілдері және де Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ жазуын латын графикасына аудару орталығының жетекшісі сонымен қатар қаламыздағы мектептердің, колледждердің, балабақшалардың филологтары келіп отыр»
Конференцияда көтерілген мәселелердің бірі — латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің жайы. Облыстық ресурстық тіл орталығынан келген мамандар осы тақырып аясында сөз қозғады. Одан соң қонақтарға тілдер орталығының тыныс-тіршілігі таныстырылды. Орталық оқытушылары өз әдістерімен бөлісті.
Гүлназ Мұстағұлова – облыстық ресурстық тіл орталығының директоры: «Енді бұл шарадағы біздің басты мақсатымыз мына жалпы облыстағы оқыту орталығынан кейінгі болып құрылған 2-ші орталық осы орталық болып табылады тілдер орталығы. Бүгінгі таңда мемлекеттік және ағылшын тілі курстарынан қамту жағынан, адам санын қамту жағынан да үлкен көрсеткішке ие болып отырған осы бірден бір орталық. Яғни бұл орталықтың айтатын нәрсесі, көрсететін оқу-әдістемелік кешендері осы 10 жылдағы тәжірибесімен бөлісетіндей айтатындай дүниелері бар»
Облыс қалаларынан келген қонақтар қазақ және ағылшын тілдерінде сабаққа қатысты. «Сіз ұлттық киім киесіз бе?». Оқушылар сарайының қызметкерлеріне мемлекеттік тілдің В1 орта деңгейінде осындай тақырыпта дәріс өткізілді. Одан соң келушілер клуб жұмысымен танысты. Этномәдени орталықтың қатысуымен өткен іс шараны тамашалады
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login