«Ғұмыры қысқа, ғибраты мол Ерсейіт». Шаһарымызда тоғызқұмалақтан облыстық ашық біріншілік өтті. Бұл жарыс тоғызқұмалақтан сан мәрте қала намысын қорғаған, ғұмыры ерте үзілген Тойымбек Ерсейіт Нұрсейітұлына арналды. Ұлттық спорт түрінен жарыс №16 орта мектепте өтті. Облыстық біріншілік 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында болды. Оған Ағадыр кенті, Киікті мен Мойынты станциясы, Ақтоғай ауданы, Қарағанды және Балқаштан 10-ға жуық команда қатысты. Барлығы 80-ге жуық тоғызқұмалақшы жиналды. Ұлттық ойынды хоббиі санайтындардың бірі Ағадыр кентінен келген Жантөре Қанат.
Жантөре Қанат — тоғызқұмалақтан өткен облыстық ашық біріншілік қатысушысы: «Мен 4 сыныптан бастап қатысамын, менің қатысып жүргеніме 2 жыл болды. Мен үшін ол өзіме қатты ұнайтын бұл менің хоббиім және де мен менің анам да тоғызқұмалақпен қатысқан. Сосын ол да маған тоғызқұмалаққа бар деді. Қарсыластар туралы айтсам мен ешкімді бөліп жармаймын. Бәрі де мен үшін тең»
Жарыс қорытындысы бойынша Ағадырдан келген тоғызқұмалақшылар алдына жан салмады. Ал балқаштықтар 4-ші орында. Жүлдегерлерге кубок, грамота және тұрмыстық техникалар тарту етілді. Ең жас 10 ойыншыға ынталандыру мақсатында ақшалай сыйлықтар берілді.
Нұрсейіт Тойымбек – Ерсейіт Тойымбектің әкесі:«Бұл іс-шараның өту шарты баламыздың қайтқанына 5 жыл болды. Сол 5 жылда еске алып, жалғыз әкесінің емес баламыздың туған бауырларының ұйымдастыруымен өтіп жатыр осының барлығы. Енді баламыз 4 сыныптан бастап тоғызқұмалақпен ойнап бастаған. Сол 4 сыныптан бастап 7 сыныпқа дейін ойнады. Облыс бойынша орынсыз келген жоқ, бәрінен жүлдемен оралды»
Диас Мустояпов – тоғызқұмалақтан жаттықтырушы: «Қарағанды облысының 2 дүркін чемпионы болды. Ол маған 4 сыныптан бастап қатысқан. Сол бауырымызды еске алу кешіне бүгін келіп тұрмыз». Осы өтіп жатқан жарыстар қабыл болсын. Оның жетістіктерін біздің оқушыларымызға нәсіп етсін»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login