Облыстың Бас имамы балқаштықтарды жинап жиын өткізді. Ондағы себеп
жаназаның қазіргі жай күйі мен кейінгі
кезде әркім өз тұрғысынан оған жаңа салттарды қосақтауы. Бұл туралы 2019 жылдың
қазанында Дін басқармасы өткізген республикалық форумда айтылған болатын. Онда
жерлеу рәсімдерін бірізділікке салу жолдары айтылған. Қазіргі жаназада
шариғатқа сай емес аста-төк ысырапшылдыққа жол беріледі екен.
Ендігіде шариғат заңына қайшы келмесе екен деген, жаназада тоқтау салынбақ
мына дүниелер:
- Жаназа дастарханында бауырсақ, шелпек, сары май мен печенье, құрт-ірімшік және салаттың бір-екі түрі ғана болуы шарт;
- Марқұмға қойылар ескерткішке оның суретін салу қажет емес; мәйітті көтеріп апарарда суреті мен гүлдесте ілмеу;
- Орамал, мата таратуды тоқтату;
- Сәуірдің соңғы сенбісі бейіт басын тазалау;
- Қабіршілерге шарап ұсынбау;
- Мәйітті жерлер алдында көруге тиым салу;
- Бейіт басына шүберек байламау;
- Ерлер беліне ақ матадан белбеу байлау (көңіл айтушылар тану үшін);
- Қонақасында 2-3 адамнан артық сөз сөйлемеу;
- Үлкен мазар мен күмбез салуды шектеу
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login