2020 жылдың 5 қаңтары Балқаш қаласы «Тілдер орталығының” құрылғанына 10 жыл толып отыр. «Тілдер орталығы” қала әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы “Тілдер орталығы” мемлекеттік мекемесін құру туралы бұйрығына сәйкес құрылып, 2010 жылы 5 қаңтарда өз жұмысын бастады. Орталықтың мақсаты — мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметшілері мен жеке тұлғаларды мемлекеттік және басқа да тілдерді оқытуға негізделген.
Оқу тегін, ересектерге арналған. Осы уақыт аралығында 2 мыңнан астам әр салада еңбек ететін қала тұрғындары 3 айлық қазақ тілі курсына қатысып 1900-ден аса адам сертификат иеленсе, оның дені өзге ұлт өкілдері.
Өндіріс орындарының ішінде Қазақмыс Смэлтинг, Теміржол торабы және Жылу электр орталығының қызметкерлері бар.
Андрей Кондратьев – ЖЭО қызметкері: «Мемлекеттік тіл курсының қарапайым деңгейін аяқтадым. Қаңтар айынан бастап екінші базалық деңгейді меңгеруді жоспарлап отырмыз. Тіл оқыту курсында қосымшаларды оқу қиынға соқты, дегенмен мәтін аударатындай дәрежеге қол жеткіздік»
10 жыл ішінде ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар саны 1258. Солардың ішінде ағылшын тілін үйренушілердің бірі тау-кен металлургия комбинатының ардагері Қамза Тынышбаев. 83 жастағы қаламыздың Құрметті азаматы ағылшын тілі курсының қарапайым деңгейін тәмамдап, сертификатқа ие болуда.
Қамза Тынышбаев – қаланың Құрметті азаматы, ағылшын тілі курсының тыңдаушысы: «Тіл үйрену 83 жасымда ұмытшақтық ауруын жеңуге көмектеседі. Немерелеріме, жастарға үлгі болғым келеді. Тілдер орталығы ұжымының еңбегі орасан зор, айтар алғысым шексіз»
Қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру жұмысы бойынша Балқаш қаласында жүйелі жұмыстар атқарылды. Көздағдысы, қол жаттықтыру мақсатындағы түрлі шараларға 9 мыңға жуық балқаштық қамтылды. Қала бойынша 90 адам латын графикасын меңгергендігі туралы сертификатқа ие болды.
Ақерке Утешова – латын графикасы бойынша қалалық семинарға қатысушы: «Жаңа емле жаңа графиканы біз таратушы боламыз. Сіздерге қолғанат боламыз деген үміттемін. Сіздерге енді шығармашылық табыс әрі қарай алға баса беріңіздер»
Орталық жұмысы тек оқытумен шектелмей құжаттарды ағылшын тіліне аударуды да жүзеге асырады. Орталық аудармашылары мемлекеттік мекеме сайттарының 1685 құжатын аударды. Сондай-ақ тіл саясатын жүзеге асыру, үштілділікті насихаттау мақсатындағы олимпиадалар, байқаулар басқа да іс-шараларды өткізді.
Гүлден Құлымжанова – «Тілдер орталығының» қазақ тілі оқытушысы: «Бұл негізгі іс-шараның мақсаты яғни келесі алдағы жылы біз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлайын деп отырмыз. Сондықтан бұл біздің осы тойға деген бастамамыз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login