Мас күйінде көлік жүргізгені үшін қазақстандықтар 10 жылға бас бост андығынан немесе өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары хабарлады. Оның айтуынша, сау адам мен мас адам жасаған жол-көлік оқиғасы үшін қылмыстық жауапкершілік екеуіне бірдей. Қазіргі ереже бойынша мас күйінде көлік жүргізген адамның жүргізуші куәлігі 2 жылға дейін тартып алынады және 40 тәулікке дейін қамауға алынады. Ендігі тәртіп бойынша, олар 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және 10 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады. Мас күйінде көлік айдаған жүргізушінің кесірінен адам қайтыс болса, онда ол дәл осы мерзім бойы түрмеде отыруы мүмкін.
Мемлекет басшысы мұғалімдер мәртебесі туралы тағы бір жарлыққа қол қойды. Бұл мектептер, колледждер мен университеттердің ұстаздарына ғана емес, сонымен қатар балабақша тәрбиешілеріне де қатысты. Олардың жалақысы 25 пайызға көтерілмек. Тәрбиешілердің лайықты еңбек демалысы 42 күннен 56 күнге дейін созылады. Сонымен қатар, педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төленеді. Бұдан бөлек, оларға біліктілік санаты үшін айлық жалақыдан 30-дан 50 пайызға дейінгі мөлшерде қосымша ақы алуына мүмкіндік беріледі.
Жаңа жылдан бастап әкімдіктер көпқабатты үйлердің күрделі жөндеуін қайтарып беру негізінде қаржыландыратын болады. Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінде жинақтаған жинағы немесе жылына 2 пайыздық жеңілдікпен қарыз алу арқылы күрделі жөндеуге кеткен қаржыны қайтарып берулеріне болады. Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгертілген заңға қол қойды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін арнаулы салық режимдерін қолданатын және мойындаған микро немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер корпоративтік табыс салығын, әлеуметтік салық пен бірыңғай жер салығын төлеуден босатылады. Алайда, салықтық жеңілдік акцизделетін өнімді өндірумен немесе көтерме сатумен айналысатындарға, астық қабылдау пункттерінде түйіршіктерді сақтайтындарға, лотерея жүргізетіндерге, банктік және сақтандыру нарығындағы қызметке және т.б. басқаларға қолданылмайды.
Мемлекет басшысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл мөлшері төмендейді. Кейбір әкімшілік құқық бұзушылық мүлдем жойылады. Олар азаматтық-құқықтық немесе тәртіптік жолмен шешілетін болады.
Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарастыру бойынша сот пен соттан тыс инстанциялардың құзыреті біртіндеп бөлінеді.
Қол қойылған заңға сәйкес, елімізде әкімшілік құқық бұзушылық өндірісі кезең-кезеңмен электронды форматқа көшіріледі.
3. 2020 жылдың 5 қаңтары Балқаш қаласы «Тілдер орталығының” құрылғанына тура 10 жыл толып отыр. «Тілдер орталығы” қала әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы “Тілдер орталығы” мемлекеттік мекемесін құру туралы бұйрығына сәйкес құрылып, 2010 жылы 5 қаңтарда өз жұмысын бастады. Орталықтың мақсаты мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметшілері мен жеке тұлғаларды мемлекеттік және басқа да тілдерді оқытуға негізделген. Оқу тегін, ересектерге арналған. Осы уақыт аралығында 2 мыңнан астам әр салада еңбек ететін қала тұрғындары 3 айлық қазақ тілі курсына қатысып 1900-ден аса адам сертификат иеленсе, оның дені өзге ұлт өкілдері. 10 жыл ішінде ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар саны 1258. Қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру жұмысы бойынша Балқаш қаласында жүйелі жұмыстар атқарылды. Көздағдысы, қол жаттықтыру мақсатындағы түрлі шараларға 9 мыңға жуық балқаштық қамтылды. Қала бойынша 90 адам латын графикасын меңгергендігі туралы сертификатқа ие болды. Орталық жұмысы тек оқытумен шектелмей құжаттарды ағылшын тіліне аударуды да жүзеге асырады. Орталық аудармашылары мемлекеттік мекеме сайттарының 1685 құжатын аударды. Сондай-ақ тіл саясатын жүзеге асыру, үштілділікті насихаттау мақсатындағы олимпиадалар, байқаулар басқа да іс-шараларды өткізді. Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатындағы орталықтың жұмысы алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ
4. Қала әкімі бірнеше компанияны біріктірген «Коунрад» корпоративтік қорына алғысын білдірді. Алғыс хаттарды тапсыу үшін мекеме басшылығы әкімдіктің ғимаратына шақырылды. Қала басшысы Ораз Тәурбеков «Коунрад» корпоративтік қорының халыққа бірнеше рет қаржылай көмек көрсеткенін атап өтті.2019 жылы демеушілер «Үлкен жүрек» оңалту орталығына ғимарат пен арнайы жабдықталған ойын алаңын сыйға тартқан болатын. Олар мүмкіншілігі шектеулі жандарға техника мен жиһаз алып берді. Оқушыларға концеляриялық тауарлар мен мектеп киімдерін сатып алуға жәрдемдесті. Бұдан бөлек олар Арыстың балаларына материалдық көмек көрсеткен. Сонымен қатар, Қоңырат шағын ауданындағы көшедегі су таратқышты жөндеуге қаржы бөлді. Осы және өзге де көмектері үшін мекеме басшылары алғыс хаттармен марапатталды.
5. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек. Халық банк пен «Халық» жеке қайырымдылық қоры «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне «Инватакси» арнайы көлігін салтанатты түрде табыстады.Қалада 3860 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Арнайы көлікке балқаштық 100-ден аса ерекше күтімді қажет ететін жан мұқтаж. Халық банкі Балқаш филиалының директоры Александра Аглюкова Еліміздегі «Халық» қайырымдылық қоры Халық банкпен бірлесіп «Инватакси» жобасын екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын жеткізді. Өткен жылы арнайы 21 автокөлікті аталмыш қор облыс орталықтарына сыйға тартқан болатын. Ал, биыл «Инватакси» аудандар мен қалаларға жалпы 15 автокөлік берді. Оның ішінде Балқаш қаласы бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға Халық банкі атынан жаңа жылдық тәттілер тарту етілді. Айта кетейік, автокөлік арнайы көтергіш құралдармен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздері еркін кіріп-шыға алады. «Инватакси» қызметі ерекше жандарды тегін түрде діттеген жеріне жеткізбек.
6. Шаһарымызда жаңа жылдық демалыс күндері 17 нәресте дүние есігін ашты. Балқаштықтардың қатарын 11 ұл мен 6 қыз бала толықтырды. Олардың ішінде 14 сәби табиғи жолмен, ал 3 бала кесір тілігін жасау арқылы өмірге келген. 30 желтоқсан күні 4, ал 31 желтоқсанда 5 нәресте дүние есігін ашты. 2020 жылдың 1-ші күні балқаштықтардың саны 8 адамға көбейді. Қазіргі таңда аналар мен балалар өздерін жақсы сезінуде
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login