Балқаш маңында шағын жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан 7 адам зардап шеккен. Алматы-Екатеринбург тас жолының 536-шы шақырымында шағын автобус пен «Volvo» жүк көлігі соқтығысады. Оқиға орнына көмекке «Сарышаған» трассалық құтқару пунктінің бригадасы жетеді. Жарақат алған 7 адам Приозерск қаласының ауруханасына жеткізілген. Зардап шегушілердің үшеуі ауыр халде
Тыйым салынған уақытта ата-ана қарауынсыз далада жүрген 40-тан астам бала ұсталды. Кәмелетке толмағандар құқық қорғаушылар арнайы рейд жүргізген кезде қолға түсті. 2 ай бойы 40-қа жуық полиция қызметкерлері үй аралап, 19 мың пәтерге барған. Оның ішінде 300-і жалдамалы, 2500-ден астамы жеке үй. Рейд барысында полиция бұрын сотталған үш мыңға жуық тұрғынмен, жанжал жиі болатын отбасылармен және шетелдіктермен профилактикалық жұмыс жүргізді. Одан бөлек қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу, темекі шегу және ұсақ бұзақылыққа қатысты 400 факт анықталды. Қала бойынша ешбір жерге тіркелмегені үшін 60 шетелдікке айыппұл салынды. Қыркүйек айының ортасынан бастап тәртіп сақшылары 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған
№7 мектеп-гимназиясының алдындағы Сәкен Сейфулиннің бюсті қайта жаңартылды. Ақын, жазушының 125 жылдық мерейтойына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мүсін салтанатты түрде ашылды. Шараға жазушының немере інісі Сәкен Орынбекұлы, тарихшы Марат Әбсеметов, қала басшылары және ұстаздар қауымы қатысты. №7 мектеп-гимназиясына 1994жылы Сәкен Сейфулиннің есімі берілген. Сол жылы ақынның 100 жылдық мерейтойына орай бюст орнатылады. Араға 25 жыл салынып мүсін қайта жаңартылды. №7 мектеп-гимназиясының түлектерінен құралған «Үркер» қауымдастығы фундаментін ауыстырып, онда ақынның өлеңін қашап жазған. Шарада жиналған қауым гүл шоқтарын қойып, тұлғаның рухына тағзым етті. Бюсттің ашылу салтанатынан кейін шақырылған қонақтар мектепке бас сұқты. Холда оқушылар орындауындағы «Сәкен сұңқар» әнін тыңдап, ақынның мерейтойына орай ашылған Сәкен кабинетін аралап көрді. Биыл оқушылар жазушының туған жері Қарашілікке барып, Нұр-Сұлтан қаласындағы мұражайына барған. Түрлі дубликат-экспонаттар әкеліп, кабинетке қойған. Кейін қонақтар Сәкеннің өмірі жайлы сыр шертетін «Емен — ұзақ жасайтын ағаш» драмалық қойылымын тамашалады. Онда ақынның балалық шағынан және абақтыға қамалар алдындағы өмірінен үзінді көрсетілді
Қаламызда ғалым, сәкентанушы Марат Әбсеметовпен кездесу кеші жалғасын тапты. Бүгін профессор балқаштық жастармен жүздесті. Шара Жастар ресурстық орталығында өтті. Жиынға шаһарымыздың 10, 11 сынып оқушылары мен 1,2 курс студенттері қатысты. Марат Әбсембетов Балқаш қаласының тумасы. Туған жерінің тарихымен жақсы таныс. Кездесуде әрбір азамат өзінің ана тілі мен тарихын білу керектігін алға тартып, кезінде осы өңірде өмір сүрген белгілі тарихи тұлғалар жайлы әңгіме өрбітті. Жастарға өз ақыл кеңесін айтып, ізденімпаз болуға, елін, жерін ойлайтын, отанына адал азамат болып өсуге үндеді
Саяқ кентіне жаңа жедел жәрдем көлігі аттанды. Жаңа техниканы облыстық денсаулық сақтау басқармасы беріп отыр. Бұрынғы жедел жәрдем көлігі жиі бұзыла бергендіктен кент дәрігерлері жаңасын сұратқан. Бүгін Саяқ кентінің аурухана директоры және жалпы практика дәрігері көлікті алып кетуге келді. Автомобиль науқасқа алғашқы көмек көрсету құрылғыларымен жабдықталған. Ішінде ЭКГ, дефибриллятор және глюкометр аппараттары бар. Барлығы қорапта, су жаңа күйінде сақтаулы. Көлікті қоса санағанда жалпы құны 11 млн тг. Саяқ кентінде 2300 ден астам халық бар. Тұрғындарға арнап аурухана оның жанында емхана қарастырылған. Дәрігерлердің айтуынша күніне 10-12 шақырту келіп түседі екен. Ал осыдан 15 жыл бұрын алынған ескі көлік бұзылып, істен шыққан. Енді жаңа техника науқастарға жедел медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді
«City Dance» заманауи би тобы Қарағандыда өткен халықаралық конкурста үздік нәтиже көрсетті. Оқушылар сарайының тәлімгерлері орындаған би қойылымдары 4 бас жүлде, екі 1 орын мен үш күміс жүлдені еншіледі. Қарағандыда балалар, жасөспірімдер мен ересектер шығармашылығының ІІІ-ші Халықаралық «Звездный листопад» конкурс-фестивалі өтті. Байқау бірнеше номинация бойынша өткен. Олар: вокал, хореография, сән театры, көркем сөз және театр қойылымы, сонымен қоса аспаптық жанр. Әр номинацияда бақ сынасуға көршілес шет елдер мен Қарағанды, Павлодар, Теміртау қалаларынан 200 ден аса қатысушы келген. Балқаштан оқушылар сарайының «City Dance » ансамблінің 28 бишісі барған. Халықаралық байқауда олар топтық би, дуэттік және 7 жеке номер көрсетеді
«Металлург» әуесқой футбол командалары арасында өткен облыс біріншілігінде ең нәтижелі команда деп танылды. Біздің футболшылар 5 номинацияның үшеуін жеңіп алды. Еске сала кетейік, әуесқой футбол командалары арасындағы облыс біріншілігі жаз айына басталған болатын. Жарысқа 9 команда қатысты. Олар екі айналым бойынша ойнады. Балқаштық «Металлург» 16 матч өткізіп оның 13 жеңіске жетті. Үшеуінде жеңіліске ұшырады. Нәтижесінде 39 ұпай жинап, тунир кестесінде екінші орыны жеңіп алды. Бірінші орында бірнеше жылдан бері чемпион атағын қолдан бермей келе жатқан «Гефест» командасы. Ал үшінші орында «Горняк». Жарыстың қорытындысы бойынша «Металлургтың» үш ойыншысы — Темірлан Марат «Үздік қақпашы», Хидияұлы Махмадов «Үздік шабуылшы», ал «Үздік қорғаушы» атағын Елдос Шарафинов иеленді
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login