Балқаш жаңалықтары 06.11.2019

  1. Бүгін балқаштық ЖЭС-да қаланың жылу желісі бұзылып,  кейін қалпына келтірілді. Электр станциясында оқу-жаттығу өткізілді. Сценарий бойынша жылу желісінің тікелей коллекторында тесік пайда болған. Ең алдымен ЖЭС басқару қалқанына дабыл қағылды, ол жерден ақпарат ТЖ, «Су Жылу Транс», Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне және әкімдікке таратылды.  Мәселені шешу үшін оқиға орнына дәнекерлеушілер тобы жіберілді. Оқу-жаттығуға барлығы 25 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылған. Бақылаушы жетекшілер қызметкерлерге оң бағасын берді
  2. Қазақстандықтар өзімен бірге жеке куәлік алмай жүре алады. Енді құжат ұялы телефонда электронды түрде сақталады. Электронды үкімет eGov mobile қосымшасын іске қосты. Енді қажет болған жағдайда құжатты QR-код арқылы телефоннан көрсетуге болады. Құжаттың электронды нұсқасын электронды үкімет жүйесіне тіркелген азаматтар қосымшадағы тіркеуден өту арқылы пайдалана алады. Оны Play Market пен App Store-дан жазып алуға болады. 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы да электронды форматқа көшті. Ендігі кезекте қазақстандықтар құжатты ХҚКО-дан алмайды. Тіркелген мекен-жайды егов.кз порталындағы жеке кабинеттен көруге болады. Портал пайдаланушылары жұмыс беруші мен оның арасында жасалған барлық еңбек шарттарын да көру мүмкіндігіне ие 
  3. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке 20 адам алынған. Үміткерлер психологиялық тест тапсырып, сұхбаттасудан өткен.Конкурстық комиссияның қабылдауынан екі адам өтуде. Бос лауазымдардың бірі жер қатынастар бөлімінің бас маманы мен ішкі саясат бөлімінің қызметкеріне жарияланған. Үміткерлерді мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық бірлестіктер өкілінен бақылаушы тыңдап, сауалдарын қояды. Қатысушылар болса кезек-кезегімен, заң мен лауазым жөніндегі сұрақтарға жауап береді. Сұхбаттасудан өтер алдында үміткерлер kyzmet.gov.kz сайтында іріктеуден өтіп, заңды білуі мен психологиялық тест тапсырады. Сондай-ақ қажет құжаттарды жинайды. Кәмелет жасына толмаған, сотпен әрекетсіз деп танылып, мемлекеттік лауазымға тұру құқығынан айырылған, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған, құқық қорғау органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылғандар мемлекеттік қызметке алынбайды
  4. Президент жолдауын іске асырып қолдау мақсатында не істей аламыз? Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский балқаштықтармен өткізген кездесуінде  тарқатып айтты.Қарағандыдан келген құрметті қонақпен кездесу жастар ресурстық орталығында өтті. Жиынға білім бөлімі, мәдениет саласының қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Вилен Молотов-Лучанский Балқаштың тумасы, бүгінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Өз сөзінде ол Президент жолдауын назарға ала отырып, оған көрсетер қолдау – бұл біздің адал еңбегіміз екендігін алға тартты. Азаматтық қоғамды дамыту жолдарын түсіндірді.  Кездесу түстен кейін де жалғасын тапты. Ондағы аудитория қала жастары болды
  5. Балқаштық футболшылар футзалдағы облыстық біріншілік сайыстарын бастады. Биылғы жылы «Достық» командасы суперлигаға жолдама алып, бірінші ойынын өткізді.  «Достықтың» қарсыласы, былтырғы жылғы суперлига чемпионы «Замандас» құрамасы болды. Балқаштықтар алғашқы болып есеп ашып, тайм соңына дейін 5 гол соғып үлгереді. Алайда ойынның екінші жартысында қарағандылықтар есеп теңестіреді. Матч нәтижесі 7:7 есебімен, тең түсті. Жыл сайынғы футзалдағы облыс біріншілігі Қарағандыда өтеді. Суперлигаға 12 команда қатысуда. Олар айналмалы жүйемен 2 кезеңде ойнайды. Финалдық ойындар сәуір айында өтпек

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login