Осыдан 20 күн бұрын жоғалған 82 жастағы қарт өлі күйінде табылды. Зейнеткердің денесін итін далаға алып шыққан қала тұрғындарының бірі 2 мөлтек ауданындағы ЖБИ аймағынан көрген. Содан полицейлерге хабарлаған. Еске сала кетейік, Орынтай Абижанова 12 қазан күні жоғалған еді. Зейнеткер үйінде жалғыз тұрған. Сол күні пәтерінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қартты табу үшін қала бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер, төтенше жағдай қызметкерлері, әскерилер бірігіп мешіттен бастап «Тектұрмас» зират маңына дейін, Жезқазған көшесінен бастап қоқыс полигонына дейігі аралықты жаяу сүзіп шыққан болатын. Алайда нәтиже болмады. Қарт өлі күйінде тек 20 күннен кейін 2 мөлтек ауданындағы ЖБИ аймағынан табылды
Балқаштықтардың мүлік пен жер салығы бойынша 3,5 миллион теңгеден астам қарызы бар. Төлем мерзімі 1 қазан күні аяқталды. Осы уақытқа дейін мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылғы, яғни 1 жыл бұрынғы төлемді қабылдады. Қазіргі таңда 7 мыңға жуық тұрғын салық үшін мемлекет қазынасына 3,5 миллион теңге қарыз. 1 қазаннан бастап қолданыстағы берешек сомасына өсімпұл қосылуда. Алайда, салық төлеушілер қарыздың негізгі бөлігін толық өтейтін болса, онда өсімпұл автоматты түрде алынады. Қазірі таңда салықты банктің кез келген филиалында және Интернет арқылы төлеуге болады. Айта кету керек, 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Балқаш тұрғындары көлік салығын қоса төлеулері қажет
Балқаштық филологтар, мемлекеттік қызметкерлер жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін оқуда. Қалада латын графикасында сауатты жаза білуді үйретуге бағытталған екі күндік курс басталды. Ол үшін арнайы Қарағандыдан ресурстық тіл орталығының маманы келді. Курс БГТК өтуде. Оған 70 адам қатысуда. Олар мектептер мен колледждерде жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері және мемлекеттік қызметкерлер. Екі топқа бөлініп екі күн бойы латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды үйренеді. Басты мақсат сауатты жаза білетін мамандарды дайындау. Мұндай курстар бұған дейін Қарағанды облысы бойынша Сәтпаев, Жезғазған, Саран қалаларында өткен. Айта кетейік, жақында Президент бұған дейін бекітілген латын графикасын толықтыру туралы тапсырма берген болатын. Себебі кейбір әріптер ЮНИКОД стандарттарына сәйкес келмеген және халықтың көбісі ш мен ч секілді диграф әріптерді шатастырған. Деседе мамандар әліпбидегі кейбір әріптер өзгергенімен емле ережесінде айтарлықтай өзгеріс болмайды деп отыр
1 қарашадан бастап түлкі және қоян аулауға рұқсат.Аңшылық маусымы 15 ақпанға дейін созылады. Осы уақыт аралығында 2100 қоян 30 түлкі атып алуға рұқсат. Ал су құстарын аулауға берілген мерзім 30 қарашада аяқталады. Қазіргі таңда балқаштықтарға 9 мың үйрек, үш мың қаз және қасқалдақ атып алуға 400 жолдама берілген. Мамандар аңшылыққа рұқсат құжатымен ғана шығу керектігін ескертеді. Құс аулау маусымы басталғалы бері ереже бұзған 5 адам анықталған
Шет ауданында зымыран құлады. Дәл осы сценарий бойынша Балқашта «Протон-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Осындай ТЖ кезінде жұмылдырылатын барлық қызмет бүгін темір жол вокзалының маңына жиналды. Барлығы 60 адам мен 13 техника. Ал аңыз бойынша, Шет ауданында зымыран құлап, 200 шаршы шақырым жерге гептил төгіледі. Салдарынан өрт басталған. Құрылыс алаңында төтенше жағдайлар басқармасының басшысы өрт сөндірушілерді, полицейлерді, дәрігерлерді және коммуналдық қызметкерлердің дайындығын қарап шықты. Одан кейін барлығы төтенше жағдай болған аймаққа бет алды
Балқаштық спортшылар жеңіл атлетикадан өткен облыстық чемпионатта жүлдемен оралды. Бір алтын, бір күміс және екі қола иемденді.Чемпионатқа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бес оқушысы қатысты. Олар төрт сайыс бойынша жарысты. Атап айтсақ, биіктік пен ұзындыққа секіру, 60 метрге және қыздар 500, ал ұлдар 600 метрге жүгіру. Нәтижесінде 13 жастағы Бабахан Нихамберлин қашықтыққа секіруден ең үздік деп танылды, ол 1 метр 60 см секірген. Бұл сайыста балқаштық Леонид Исаков қола медальға ие болды. Қыздар арасындағы Анастасия Фоменко бір емес екі медаль қола мен күміске қол жеткізді. Бірін төртсайыстан, бірін қашықтыққа секіруден алды. Қазіргі таңда спортшылар қараша айында өтетін республикалық чемпионатқа қызу дайындық үстінде.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login