«Регион» фирманың қызметін балқаштықтар да пайдалана алады. Қазіргі таңда елді қалаған нүктесіне апару үшін қаламызға 20 көлік әкелінді.
Ербол Жалдарбеков «Регион» такси қызметінде осымен 4-ші жыл жұмыс істейді. Алғашқыда «Lada Priora » көлігімен ел тасымалдаған. Ал қазір жол талғамайтын бизнес класстағы автомобиль жүргізушісі. Балқашқа әріптестерімен келіпті.
Ербол Жалдарбеков – «Регион» таки қызметінің жүргізушісі: «Балқаштық жүргізушілерді үйрету үшін Қарағандыдан 10 адам келдік. Біздің таксидың басқалардан ерекшелігі қызмет көрсету сапасының жоғарлығында. Өзіміздің ережелерімізді сақтаймыз»
«Регион» такси қызметі еліміздің 18 қаласында жұмыс істейді. Балқаш тізімдегі соңғы 19 қала. Қазір қалада жолаушыларды тасымалдауға арналған 20 көлік бар. Шақыру құны 250 тг. 3 км жерге дейін тегін апарады. Әрі қарай есептегіш қосылады. Әр км 65 тг.
«Регион» таксиын батырманы басу арқылы бірден шақыртуға болады. Жүргізушілер мен жолаушылар үшін арнайы мобилдік қосымша іске қосылған. Бағдарлама арқылы жеке автомобилі бар қала тұрғындарын да жұмысқа қабылдайды.Ол үшін қосымшаға тіркеліп, модерациядан өту қажет. Ал такси қызметінің нөмері 6 00 00 және 8 708 990 00 00.
Алексей Храменков – Қарағанды облысы «Регион» такси қызметінің меңгерушісі: «Барлығы Қарағанды қаласынан басталды. Тасымалдау қызмет сапасының төмен екендігін көрген кезде осындай идея пайда болды. Біздің өзіміздің IT-компаниямыз бар. Балқашта да біздің қызмет жоғары деңгейге көтерілсе дейміз
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login