Ораз Тәуірбеков «Нұр Отан» партиясының Балқаш қаласындағы филиал төрағасы болып сайланды. Бұл туралы партияның кезектен тыс конференциясында белгілі болды. Конференцияда сайлау ашық түрде өткізілді. Нәтижесінде делегаттар Ораз Тәуірбековке дауыс беріп, бірауыздан әкімнің кандидатурасын қолдады. Ал осыған дейін филиал төрағасының міндетін экс әкім Александр Аглиулин атқарған болатын. Алайда оның қызметтен кетуіне байланысты, міндеттен босатылды. Сондай-ақ, жиында «Нұр Отан» партиясының қатарынан қызмет бабымен басқа қалаға ауысқан 3 адам шығарылып, орнына 3 азамат қабылданды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login